Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

         2025 жылдың 2 желтоқсан күні мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Өзін-өзі басқару мүшелері айлығының ашылу салтанаты» өтті. 

         Іс-шараның мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, мектеп өміріне белсене араласуын арттыру, сондай-ақ демократиялық басқару элементтерін насихаттау.
          Іс-шара барысында мектеп Парламентінің жаңа мүшелері таныстырылып, әрқайсысы өз бағыты бойынша жұмыс жоспарын ұсынды. Ашылу салтанатында оқушылар алдағы бір айда атқаратын іс-шараларымен, бастамаларымен таныстырды.
  
          Салтанатты бөліктен кейін мотивациялық сөздер айтылып, «Ашық микрофон» форматында оқушылар пікір білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды.
           Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты.
 
Жауапты: Тәлімгер: Қораласбай Н. Ж. 
Мектеп: Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі

     Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде Математика, информатика, физика (МИФ) пәндерінің айлығының ашылуы.

Мерзімі: 2025 жылдың 1 қараша мен 26 желтоқсан аралығы.
     Тақырыбы: Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларының әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы білім сапасын арттыру.
     Мақсаты: Математика,  информатика және физика сабақтарында жаңартылған оқу бағдарламасын тиімді енгізе отырып  жаңашыл технологияларды кеңінен қолдану, оқушыларға сапалы білім беру.

         Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде 2025 жылдың қарашана айының 24 күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың І ( мектепшілік) кезеңі өтті.

        Олимпиадаға барлығы 42 оқушы қатысты. Математика пәні бойынша 8 оқушы, химия пәні бойынша 9 оқушы, қазақ тілі орыс сыныбында 6 оқушы, қазақ тілі қазақ сыныбында 2 оқушы, тарих пәні бойынша 3 оқушы,биология пәні бойынша 4 оқушы, орыс тілі орыс сыныптарында 3 оқушы, орыс тілі қазақ сыныптарында 2 оқушы, география пәні бойынша 3 оқушы, информатика пәні боцынша 3 оқушы, шет тілі бойынша 2 оқушы, физика пәні бойынша 1 оқушы қатысты.
         Олимпиада қорытындысы бойынша ауданға 14 оқушы жіберілді.

      2025 жылдың 3 - 28 қараша аралығында Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде Жаратылыстану пәндері бойынша пән айлығы өтті.  Айлық барысында пән мұғалімдері әдістемелік жоспарға сәйкес түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізді.

Айлық аясында:  
- Ашық сабақтар;  
- Интеллектуалдық ойындар мен сайыстар;  
- Көрмелер;  
- Пәндік апталық газеттер;  
- Үйірме жұмыстары мен жобалар таныстырылды. 
      Іс-шараларға оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Айлықтың қорытындысы бойынша үздік қатысушылар марапатталды.
      Мақсат – оқушылардың жаратылыстану бағытындағы пәндерге деген қызығушылығын арттыру, функционалдық сауаттылығын дамыту болды.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ