Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ
          2025 жылдың  қазан айының 17 күні Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде “Қаржылық сауаттылық” бойынша олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысты. 
9-қазақ сыныбынан: Батырбек А., Дүйсен Б.
9-орыс сыныбынан: Караев М., Солтанагаев С.
10-орыс сыныбынан: Алиева Э., Гаджиев А., Мамедова А., Джафаров М.                                                                                                            11-орыс сыныбынан: Мурсалзаде Р., Асадов А.

      Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп мектепшілік жұмыс жоспарына сәйкес  қараша айының 4 күні «Жаратылыстану – білімнің алтын арқауы» тақырыбында жаратылыстану  пәндерін айлығы басталуына  байланысты биология, география, химия пәндерінің мұғалімдері іс-шара ұйымдастырып, өткізді.                              

      Айлықтың мақсаты: жаратылыстану пәндер сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

        2025 жылдың 16-қыркүйек күні Шу ауданы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Мыңжасаров Қ.Т., мектеп директоры А.Р.  Игенбекова, директордың құқық-ісі жөніндегі орынбасары           В.Б. Мирзаев 7–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында «Жасөспірімдер арасындағы буллингтің, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу», «Әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілік», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

        Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық жауапкершілік, өзара сыйластық, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде кеңестер берілді. Сонымен қатар мопед, электромобиль сияқты көлік құралдарын жүргізу ережелері де түсіндірілді.
Тақырыптарды тереңірек түсіндіру мақсатында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны бойынша оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылды.

      Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде 25 қазан Республика күніне орай “Адал азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында  “Республика күні-ел бірлігінің бастауы” тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылып өткізілді.Сонымен қатар, “Жас Ұлан” бірыңғай  балалар мен  жасөспірімдер ұйымының қатарына 2 сынып оқушыларын қабылдап, ауыл әкімі  Әліпбаев Дархан Бұқарбайұлы мен ардагер ұстаздар марапаттады. Оқушылар ән айтып, би билеп, өлең шумақтарын арнады.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ