Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп мектепшілік жұмыс жоспарына сәйкес қараша айының 4 күні «Жаратылыстану – білімнің алтын арқауы» тақырыбында жаратылыстану пәндерін айлығы басталуына байланысты биология, география, химия пәндерінің мұғалімдері іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Айлықтың мақсаты: жаратылыстану пәндер сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.


