Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

     Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде 2026 жылдың 2 ақпан күні “Еркін елдің ертеңі, кемел білім мен ана тілінде” атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні айлығының ашылуы өтті. 

Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді  жолдарын  ұсыну.

          Бауыржан Момышұлы Атындағы О.М. 2026 жылдың 21 қаңтар күні қамқоршылық кеңесінің кезекті жиналысы өткізілді.

          Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Абилкайрова Ж. Н. мен қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сагимбеков Б. кеңес мүшелерін күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды. Оқу-тәрбие процесі бойынша кеңес мүшелеріне мектеп директоры А.Р.Игенбекова бірінші жарты жылдықтың есебін берді. Сонымен қатар кеңес мүшелерімен екінші жарты жылдықтағы міндеттерді айтып ортаға салды. Кеңес мүшелері өз ойларымен бөлісті.
#қамқоршылық_кеңес_отырысы

 

          Облыс мектептерінде ұйымдастырылып жатқан құқықтық бағыттағы тәрбиелік кинокөрсетілім бүгін де өз жалғасын тапты. Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Заң және тәртіп» айлығы аясында өткізілуде.
           Кинокөрсетілім барысында оқушыларға «КІТАП БЕТБЕЛГІЛЕРІ ЕМЕС» («НЕ КНИЖНЫЕ ЗАКЛАДКИ») және «ХУЛИГАНКА» атты қысқаметражды көркем фильмдер ұсынылды. Аталған фильмдер жасөспірімдерді заң талаптарын сақтауға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және қоғамдағы тәртіптің маңызын түсінуге бағытталған.
            9-11 сыныптар арасында өткізілген кинокөрсетілімге фильм мазмұны бойынша ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, құқықтық оқыту, проблемалық сұрақтарды талқылау және ортақ тұжырым жасау жүзеге асырылды.
           Айта кетейік,  басталған бұл кинокөрсетілім облыс аумағындағы барлық білім беру мекемесінде ұйымдастырылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

        19.01.2026 жылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Заң және тәртіп" айлығы шеңберінде 9-11 сынып оқушыларына арналған бейнероликтерді көрсету, атап айтканда «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды фильмдерін талқылау бойынша тәрбиелік іс-шара өткізілді.

        Іс-шараның мақсаты - «Кітап бетбелгілері емес», « Хулиганка» қыскаметражды фильмі мен бейнероликтері арқылы жоғары сынып оқушыларының, құқықтық санасын қалыптастыру, қауіпсіз ортада фильмдерді талдау негізінде жасөспірімдердің сыни ойлау қабілеті мен эмоционалдық рефлексиясын дамытуға ықпал ету.
        Міндеттері:
Агрессия, буллинг және психологиялық қысым көріністеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
Зорлық-зомбылыққа бейім мінез-құлыктың психологиялық және әлеуметтік салдары туралы түсініктерін тереңдету;
Жәбірлеуге (буллингке) төзбеу мәдениетін дамыту.
Іс-шарага мектеп директоры А.Р.Игенбекова, ДҚТІЖО В.Б.Мирзаев, мектеп психологтары У.Ж.Базарбекова, Ф.Б.Рустсмова, практикант—психолог Р.С.Гулиева  катысып оқушылармен тікелей пікір алмасты. Фильм мазмұны бойынша ашық форматта талқылау жүргізіліп, құқықтық тақырыптары проблемалық сұрақтар көтерілді. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы жөнінде тұжырымдар жасады.
Айта кету керек, іс-шара фильм көрумен ғана шектелмей, құқықтық оқыту элементтерімен толықтырылды. Қатысушылар арасында пікір алмасу, нақты өмірлік жағайларды талдау және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталган диалог ұйымдастырылды.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ