Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

          Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», - деді президент. Яғни қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс. 
          Осыған орай, 2025 жылдың аяқталуына байланысты  жасап жатқан еңбектеріне алғыс айту мақсатында  мектебіміздегі кіші қызметкерлерге мектеп әкімшілігі атынан және Жаңа жол БПҰ атынан алғыс білдіріп, үздік жұмыс атқарған жұмысшыларды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс еттім. Мектебіміздегі кіші қызметкерлерге Amanat Shu Audany  мүшесі демеушілік танытып, (құны 20000 жиырма мың теңге ) өз атынан жууға арналған тазартқыш құралдарын табыс етсе,  Шу Аудандық Кәсіподақ Комитеті атынан жаңа жылдық тәттілер дорбасы табыс етілді. 
Соңы  мерекелік концертке ұласты. Жұмысшыларды қолдау, басты міндетіміз!
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі
 Шу Білім Бөлімі 
Amanat Taraz

      Бауыржан Момышұлы атындағы орта  мектебінде 2025 жылдың 19 желтоқсан күні мектепте АӘД пәнінің мұғалімі                Тастанкулов Ринат Сатыбалдиевичтің ұйымдастыруымен  Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұрпаққа өшпейтін із қалдырған ұлы тұлға» атты тағылымды іс-шара өтті.

      Іс-шара барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының ерлігі, өмір жолы мен қаһармандығы жайында тың мәліметтермен бөлісіп, көріністер қойып, патриоттық әндер орындады.
Нәтижесінде үздік деп танылған сыныптар:
Бас жүлде – 9 "А" сыныбы  
I орын – 10 "Б" сыныбы  
II орын – 10 "А" сыныбы
III орын – 9 "Б, В" сыныбы
    
Барша жеңімпаздарды және белсенді қатысқан барлық оқушылар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!  
Батыр бабаның рухына тағзым етіп, өшпес ерлігін ұлықтау – әр ұрпақтың парызы!

      Жаңа жол БПҰ  "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында  Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Бауыржан Момышұлының туылғанына 115 жыл толуына орай "Ер есімі - Ел есінде" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Ардагер ұстаздарымыз Баукең жайлы түрлі естеліктер айтып, оқушылармен еркін форматта сөйлесті. Іс шара соңында ардагерлерге арнап дастархан жайып, иықтырына ақ орамал жауып, баталарын алып шығарып салдық.

Amanat Shu Audany

        Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. 

        Құрметті достар!
       Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
       Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
❤️❤️❤️
  
        Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
@актуальное 
Бауыржан Момышұлы атындағы орта м ектебі
Шу Білім Бөлімі
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ