Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде 9-сыныптар арасындағы математика, информатика, физика пәндерінен өткен интеллектуалдық ойыны өткізілді
Мақсаты:
9-сынып оқушыларының математика, информатика және физика пәндерінен алған білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Оқушылардың жылдам шешім қабылдау, ойды жинақтап айту, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;
Пәндерге деген қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істеу мәдениетін дамыту;
Оқушылардың білімін сыни ойлау арқылы бағалап, үздік командаларды анықтау.


