Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ
🔰Шу ауданының білім бөліміне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 11 қазан күні "Санитарлық - тазалық акция" аясында Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай -ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мақсатында жалпы сенбілік ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған “Достық керуені” жобасына белсене қатысып, еліміздің даму жолында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға қосқан еңбегі үшін Бауыржан Момышұлы Атындағы О.М.тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Н.Әбілқайырова “Алғыс хатпен марапатталды.Құтты болсын.Еңбегіңіз елене берсін.
2025 жылдың қазан айының 8 күні Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі директордың құқық-ісі жөніндегі орынбасары Мирзаев В.Б. және Жаңа жол ауылдық округінің қызметкерлері 5–11 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.


