Күні кеше Алматы қаласы білім басқармасының «Бауыржан Момышұлы атындағы № 131 мектеп-лицейі» КММ және Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі арасында әдістемелік ғылыми- зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында өзара ынтымақтастық келісімі жасалды.
Педагогтер мен білім алушылардың әдістемелік ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыруға, инновациялық іс-шараларды ,ғылыми жобаларды ұйымдастыруға, екі жақты авторлық оқу-әдістемелік кешендер мен бағдарламаларды таратуға, тәжірибе алмасуға бағытталған келісімдерге Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей директоры Достанова Роза Зияхановна арамыздағы ынтымақтастық жөніндегі келісім тек қағаз жүзінде емес, іспен көрсету керектігін айтты.
Келісім-шарт негізінде екі мектеп арасындағы ынтымақтастық келісім тақырыбы бойынша оқу-әдістемелік қызмет көрсетуге, педагогтердің шебер мұғалімдердің вебинарларына, семинарлар мен бейнелекцияларына қатысуын және білім алушылар мен жас мамандардың бірлескен жобалық іс-шараларға қатысуларын қамтамасыз етуге, өңіраралық семинарларға,конференцияларға, форумдарға, сондай-ақ көрмелерге, жәрмеңкелерге, іскерлік және мәдени сапарларға баруларын ұйымдастыруға ықпал етеді.
Кездесу соңында ынтымақтастық келісім-шарт жасауға қолдау білдірген Достанова Роза Зияхановнаға және кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырған Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің ұжымына ерекше алғысымды айтып, өзара әрекеттестік қызметтердің нәтижелі болуына зор сенімділігімді білдірдім.


