🔰Шу ауданының білім бөліміне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 11 қазан күні "Санитарлық - тазалық акция" аясында Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, "Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс" патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай -ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау мақсатында жалпы сенбілік ұйымдастырылды.
"Адал адам – адал еңбек – адал табыс" – бұл еліміздің басты құндылықтарының бірі саналатын еңбек пен адалдықты насихаттайтын ұғым.
Адам адал болса – еңбегі таза, ал еңбегі таза болса – табысы да әділ болады. Бұл – жеке тұлғаның ғана емес, қоғамның да дамуына жол ашады.
✅ Адал бол – шыншылдық пен әділеттілікті ұстан
✅ Адал еңбек ет – міндетіңді шын ниетпен орында
✅ Адал табыс тап – еңбегіңнің өтеуі таза жолмен келсін
✅ Жалған сөйлеме, алдамшы әрекеттен аулақ бол
✅ Еңбекқор бол, жалқаулықтан бойыңды аулақ ұста
✅ Өз ісіңе жауапкершілікпен қара
➡ Адал адам – елге үлгі
➡ Адал еңбек – қоғамның тірегі
➡ Адал табыс – берекелі өмірдің бастауы.


