Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 19 желтоқсан күні мектепте АӘД пәнінің мұғалімі Тастанкулов Ринат Сатыбалдиевичтің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұрпаққа өшпейтін із қалдырған ұлы тұлға» атты тағылымды іс-шара өтті.
Іс-шара барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының ерлігі, өмір жолы мен қаһармандығы жайында тың мәліметтермен бөлісіп, көріністер қойып, патриоттық әндер орындады.
Нәтижесінде үздік деп танылған сыныптар:
Бас жүлде – 9 "А" сыныбы
I орын – 10 "Б" сыныбы
II орын – 10 "А" сыныбы
III орын – 9 "Б, В" сыныбы
Барша жеңімпаздарды және белсенді қатысқан барлық оқушылар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Батыр бабаның рухына тағзым етіп, өшпес ерлігін ұлықтау – әр ұрпақтың парызы!


