19.01.2026 жылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Заң және тәртіп" айлығы шеңберінде 9-11 сынып оқушыларына арналған бейнероликтерді көрсету, атап айтканда «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды фильмдерін талқылау бойынша тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - «Кітап бетбелгілері емес», « Хулиганка» қыскаметражды фильмі мен бейнероликтері арқылы жоғары сынып оқушыларының, құқықтық санасын қалыптастыру, қауіпсіз ортада фильмдерді талдау негізінде жасөспірімдердің сыни ойлау қабілеті мен эмоционалдық рефлексиясын дамытуға ықпал ету.
Міндеттері:
Агрессия, буллинг және психологиялық қысым көріністеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
Зорлық-зомбылыққа бейім мінез-құлыктың психологиялық және әлеуметтік салдары туралы түсініктерін тереңдету;
Жәбірлеуге (буллингке) төзбеу мәдениетін дамыту.
Іс-шарага мектеп директоры А.Р.Игенбекова, ДҚТІЖО В.Б.Мирзаев, мектеп психологтары У.Ж.Базарбекова, Ф.Б.Рустсмова, практикант—психолог Р.С.Гулиева катысып оқушылармен тікелей пікір алмасты. Фильм мазмұны бойынша ашық форматта талқылау жүргізіліп, құқықтық тақырыптары проблемалық сұрақтар көтерілді. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы жөнінде тұжырымдар жасады.
Айта кету керек, іс-шара фильм көрумен ғана шектелмей, құқықтық оқыту элементтерімен толықтырылды. Қатысушылар арасында пікір алмасу, нақты өмірлік жағайларды талдау және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталган диалог ұйымдастырылды.


