2025 жылдың 16-қыркүйек күні Шу ауданы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Мыңжасаров Қ.Т., мектеп директоры А.Р. Игенбекова, директордың құқық-ісі жөніндегі орынбасары В.Б. Мирзаев 7–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында «Жасөспірімдер арасындағы буллингтің, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу», «Әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілік», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық жауапкершілік, өзара сыйластық, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде кеңестер берілді. Сонымен қатар мопед, электромобиль сияқты көлік құралдарын жүргізу ережелері де түсіндірілді.
Тақырыптарды тереңірек түсіндіру мақсатында арнайы бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны бойынша оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылды.


