2025 жылдың 2 желтоқсан күні мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Өзін-өзі басқару мүшелері айлығының ашылу салтанаты» өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, мектеп өміріне белсене араласуын арттыру, сондай-ақ демократиялық басқару элементтерін насихаттау.
Іс-шара барысында мектеп Парламентінің жаңа мүшелері таныстырылып, әрқайсысы өз бағыты бойынша жұмыс жоспарын ұсынды. Ашылу салтанатында оқушылар алдағы бір айда атқаратын іс-шараларымен, бастамаларымен таныстырды.
Салтанатты бөліктен кейін мотивациялық сөздер айтылып, «Ашық микрофон» форматында оқушылар пікір білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты.
Жауапты: Тәлімгер: Қораласбай Н. Ж.
Мектеп: Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі


