Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушылары үшін «Қаржылық сауаттылық. Ақшаны басқару мәдениеті» тақырыбында тәрбиелік сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты — оқушыларға ақшаның маңызы, оның түрлері мен атқаратын функциялары туралы түсінік беру, жеке қаржыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыру болды.
- Оқушылар табыс пен шығыстың айырмашылығы,
- Жинақ жасаудың мәні,
- Отбасы бюджетін жоспарлау жолдары,
- Дұрыс қаржылық таңдау жасау,
- Жауапкершілікпен ақша жұмсау мәдениеті сияқты маңызды ұғымдармен танысты.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, қаржыны тиімді басқарудың болашақтағы өмірге тигізетін әсерін терең түсіне білді.
Мектебімізде қаржылық сауаттылыққа бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Әрбір бала өз қаржысын дұрыс жоспарлап, жауапты шешім қабылдай алатын тұлға болып қалыптасуы — біз үшін маңызды.


