2025 жылдың 3 - 28 қараша аралығында Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде Жаратылыстану пәндері бойынша пән айлығы өтті. Айлық барысында пән мұғалімдері әдістемелік жоспарға сәйкес түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізді.
Айлық аясында:
- Ашық сабақтар;
- Интеллектуалдық ойындар мен сайыстар;
- Көрмелер;
- Пәндік апталық газеттер;
- Үйірме жұмыстары мен жобалар таныстырылды.
Іс-шараларға оқушылар белсенді қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Айлықтың қорытындысы бойынша үздік қатысушылар марапатталды.
Мақсат – оқушылардың жаратылыстану бағытындағы пәндерге деген қызығушылығын арттыру, функционалдық сауаттылығын дамыту болды.


