Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде Күзгі асар жәрмеңкесі мектептің Аға тәлімгері Н.Ж.Қораласбайдың ұйымдастыруымен өткізілді.
Күзгі асар жәрмеңкесі –мектепте немесе білім беру ұйымында күз мезгілінде өткізілетін дәстүрлі шара. Бұл жәрмеңке оқушылар мен ата-аналар, мұғалімдер бірлесе отырып, өз қолымен жасаған тағамдарын, қолөнер бұйымдарын, жеміс-жидектер мен көкөністерді сату арқылы ұйымдастырылады.
«Асар» сөзі – қазақ халқының бір-біріне көмектесу дәстүрінен шыққан. Сондықтан бұл жәрмеңке тек сауда емес, жақсылық жасау мен қолдау көрсетуге бағытталған қайырымдылық шарасы болып есептеледі.
Мақсаты:
- Оқушылардың еңбексүйгіштігін дамыту
- Отбасылық құндылықтарды нығайту
- Қайырымдылық пен мейірімділікке баулу
- Ұлттық дәстүрлерді жаңғырту
«Бірлік пен береке – күзгі асар жәрмеңкесінде!»


