Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі атын иеленіп отырған, Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай, «Ұшқан ұя ұлағаты» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдеріне аудандық 10.10.25 ж. күні тәжірибелік семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты: Білім мен тәрбие беруде қазақ халқының мақтанышы, даңқты қолбасшы, майдангер жазушы Б.Момышұлының рухани мұрасындағы ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, бойларына адал азамат қасиеттерін дарыту, ұлттық патриотизмді қалыптастыру.
Семинарға аудан әкімінің орынбасары Naiman Sultanbaev Кенжеханұлы, аудандық маслихат депутаты Сұлтанғазиев Мақсат Лесханұлы, Шу Білім Бөлімі әдіскерлері К.Садыгулова және А.Асқарбек , мектебіміздің ардагер ұстаздары, ардагер ұстаздары және Жаңа Жол Ауылдық Округі әкімі Дархан Алипбаев Бұқарбайұлы қатысты. Семинар үш бөлімге бөлінді. Келген қонақтар мектеп ауласындағы батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Батырды 1 минут үнсіздікпен еске алды.
«Қазақстан егемен елім!» әнін мектеп оқушылары хормен шырқады. Одан ары қарай «Қарумен саптық тәсілдер мен қозғалыстар» көрсетіліп, 4 сыныптың оқушылары «Батырлар» биін билесе, мектебіміздегі "Әжелер мектебі" мүшелері К.Әзірбаевтың "Ой, жайлау" әнін шырқады.
Пленарлық бөлімде Бауыржан Момышұлының өмірінен бейнебаян көрсетілді.
«Бауыржан Момышұлы – ұлттың ұлы қолбасшысы» Оралжан Масатбаев, тарих ғылымдарының кандидаты, «Бауыржан Момышұлының мұрасы-Әділетті Қазақстанның кәусар бұлағы» жобасының жетекшісі
ZOOM форматында қосылды. Күні кеше ынтымақтастық туралы келісім шартты іске асыру аясында
«Бауыржан Момышұлы мұрасының тәрбиелік мәні» тақырыбында Алматы қаласы Б. Момышұлы атындағы 131 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі, Б.Момышұлы мұражайының жетекшісі К.Иембердиева онлайн трансляция арқылы қосылып, баяндамасын оқыды.
«Ұлттық патриотизмді қалыптастырудағы Бауыржан Момышұлының рөлі» Е.Бексултан Тарих пәнінің мұғалімі, «Ұшқан ұя – жас ұрпақ үшін өнеге мектебі» Ж.Аубакирова Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі өз баяндамаларын оқыды.
Ары қарай, «Ұрпаққа өшпейтін із қалдырған ұлы тұлға» тақырында атамыздың өмірі жайында көрініс көрсетілді. Мектеп мұражайымен келген қонақтарды таныстырды.
Практикалық бөлімде дебат сабағын тарих пәнінің мұғалімі М.Джафарова «Наследие Момышулы: Сила оружия или сила слова",«Ұшқан ұя – ерлік пен елдіктің белгісі» тәрбие сағатын бастауыш сынып мұғалімі М.Шакирова,
«Батырлық пен ерлік символы- Бауыржан Момышұлы» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Рахимова, «Участие казахстанцев в сражениях ВОВ» тарих пәнінің мұғалімі Т.Мирзаева, «ЖИ сабақтарда қолдану» А.Сагинбекова коучинг өткізді. Семинарға қатысқан әріптестерге Шу ауданы білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаевтың арнайы сертификаттары табысталды.
Семинар соңында Батырды еске алу мақсатында мектеп ұжымы “Күнту баба” мешітінде жүз адамға арнап ас берді.
#біртұтас_тәрбие


